"Мемлекет қауіпсіздігі бірінші орында". Қазақстандағы Польша елшісі мәлімдеме жасады

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Польша үкіметі 12 қыркүйектен бастап Беларусьпен шекараны жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Польша Республикасының Қазақстандағы елшілігінің сенімді өкілі Михал Лабенданың айтуынша, бұл экономикалық тұрғыдан қиындықтар туғызуы мүмкін, бірақ мемлекет қауіпсіздігі бірінші орында тұр.

Дрон шабуылы

19 қыркүйекте Беларусьтен Польша әуе кеңістігіне 19 дрон ұшып кірген. Оларды поляк әскери әуе күштері атып түсірді.

- Бұл кездейсоқ болған нәрсе емес. Ресейдің алдын ала жоспарлаған қадамы, – дейді Лабенда.

«Батыс-2025»: басып кіру сценарийі

Михал Лабенданың сөзінше, жақын күндері Беларусь аумағында «Батыс-2025» атты әскери жаттығулар басталады. Польша тарапы бұл жаттығуларды өзіне және одақтастарына қарсы басқыншылыққа дайындық деп бағалап отыр. Онда «Орешник» зымырандары мен ядролық қару қолданылады деп күтілуде.

«Соғысқа бұрынғыдан да жақынбыз»

- Ресейдің бұл әрекеттері жағдайды ушықтырып, бізді соғысқа бұрынғыдан да жақындатып отыр. Бірақ біз дайынбыз. Польша одақтастарымен бірге бұл қатерге төтеп беруге әзір, – деді Михал Лабенда.

Сұқбат

Еске салайық,  бұған дейін Польша Республикасының Қазақстандағы елшілігінің сенімді өкілі Михал Лабенда мырзамен Ұлыстың алаңында тағы бір үлкен сұқбат жазу мүмкіндігі туды. Әңгіме 9 мамыр - Жеңіс күніне деген көзқарастардың әр елде қалай қалыптасқаны туралы болды.