Бекет-ата – Шопан-ата тас жолында 11 қыркүйекте болған жол апатынан зардап шеккен үш жолаушы Жаңаөзен қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
НАУҚАСТАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің екеуі – 61 жастағы ер адам мен 58 жастағы әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.
Ал 65 жастағы тағы бір әйел травматология бөліміне жатқызылған. Оның жағдайы да тұрақты ауыр күйде қалып отыр. Қазір дәрігерлер толық тексеру жүргізіп, науқастардың халін бақылауда.
КОНТЕКСТ
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстауда болған жол апатынан 10 адамның қаза тапқаны хабарланған еді.