Қазақстан БҰҰ-ның Палестина жөніндегі қарарына дауыс берді

Сырым Қаржас
БҰҰ жаңалық қызметі

Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданған қарарды қолдап дауыс берді. Құжат Израиль мен Палестина арасындағы көпжылдық қақтығысты «екі мемлекет – екі халық» қағидаты бойынша шешуге бағытталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАРАР

Құжат 142 елдің қолдауымен қабылданды, 10 мемлекет қарсы дауыс берсе, тағы 12 ел қалыс қалды.

Қарарда 2023 жылдың қазан айында Израильге шабуыл жасағаны үшін палестиналық «Хамас» тобы айыпталды.

Сонымен қатар Газа секторында гуманитарлық апат пен ашаршылыққа себеп болған Израильдің әрекеттері де сынға алынды.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰСТАНЫМЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Қазақстанның бұл мәселедегі айқын әрі өзгермейтін ұстанымын растаған еді. Ол көпжылдық қақтығысты шешудің жалғыз жолы – «екі мемлекет – екі халық» формуласы негізінде астанасы Шығыс Иерусалимде болатын Палестина мемлекетін құру екенін атап өтті.