Ресей Қазақстан аумағында төртінші консульдігін ашады

Сырым Қаржас
Pixabay.com

Қазақстан үкіметі Ресей Федерациясының Ақтауда бас консулдық ашу туралы келісім жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Құжатқа сәйкес, жаңа өкілдіктің консулдық округі Маңғыстау облысын қамтиды. Айта кетейік, Ақтауда бас консулдық ашу идеясы 2019 жылдан бері талқыланып келеді.

Lada.kz мәліметінше, қалада Әзербайжан, Түрікменстан және Иранның дипломатиялық өкілдіктері жұмыс істейді, ал Ресей Каспий маңындағы мемлекеттердің ішінде бұл өңірде консулдығы жоқ жалғыз ел болып келген.

АНЫҚТАМА

Еске салайық, Қазақстанда Ресейдің үш бас консулдығы бар — Алматыда, Оралда және Өскеменде, сондай-ақ Астанадағы елшілік жанында консулдық бөлімі жұмыс істейді.