Сот отырысында Төлегенова өз әрекетін заңды деп қорғап, «заң бойынша сатылымды ынталандыру үшін ұтыс ойындарын өткізуге рұқсат етілгенін» мәлімдеді. Оның айтуынша, 10 автокөлікті ойнату — курстардың сатылымын арттыруға және көпшілік назарын аударуға арналған маркетингтік тәсіл болған.
Бүгінгі отырыста Төлегенованың өзі жауап берді. Ол ұтыс ойындарын 2021 жылдың 21 тамызынан бері өткізіп келе жатқанын айтты. Ұтыстарға қанша адам, қанша сыйлықт пен қаражат кеткенін есін.е тсүіре алмады. Бұны ол техникалық жағынан әлсіздігімен» түсіндірді.
Сондай-ақ Төлегенова өз қызметін «Жана Бизнес» ЖШС аясында жүргізетінін, бухгалтерді қоса алғанда басқа қызметкерлерді жалдамалы маман ретінде тартатынын атап өтті.
Оның сөзіне қарағанда, бір ойында 100 адам 50 мың теңгеден ұтып алған, оған қоса айфондар да таратылған. Бірақ қанша сыйлық берілгенін нақтылай алмады.
Ал айыптау тарапы керісінше, бұл ұтыстар заңсыз өткенін алға тартты. Прокурордың мәліметінше, акциялар компанияның ресми парақшасында емес, Төлегенованың жеке Instagram-парақшасында жүргізілген, ал қатысушылар қаражатын оның жеке Kaspi Gold шотына аударған.