Алматы әуежайында шу шығарған прокурор жазаланатын болды

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Ақтауда прокурор Ерболат Әбдіров ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БҰҒАН ДЕЙІН

Бұған дейін алғашқы сот инстанциясы Әбдіровтің әрекетінен құқық бұзушылық құрамын таппаған еді. Алайда облыстық сот алқасы бұл шешімді негізсіз деп танып, 78 640 теңге көлемінде айыппұл салды.

ІС МАТЕРИАЛДАРЫ

Іс материалдарына сәйкес, 27 тамыз күні сағат 23:00-де прокурор Алматы – Астана әуе рейсінің жолаушыларын тасымалдаған автобустың ішінде «адамдарға тіл тигізіп, тиісіп, қоғамдық тәртіпті бұзған». Оның кінәсі хаттамамен, куәгерлердің айғақтарымен және әуежай мен полиция қызметкерлерінің актілерімен дәлелденген.

ШЕШІМ ӨЗГЕРДІ

Алғашқы отырыста Әбдіров кінәсін мойындамай, жолаушыларды ұшаққа жеткізетін шаттлды қоғамдық орынға жатпайды деп мәлімдеген. Алайда Алматы авиациялық көлік прокуроры апелляция беріп, облыстық сот мүлде басқа шешім қабылдады.