Үржарда жол апатынан зардап шеккен қыз әлі комада жатыр

Сымбат Сатыбалдина
Фото: Информбюро 31

Үржарда жол апатынан зардап шеккен қыз әлі комада жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ 

Бұған дейін жол апатынан зардап шеккен үш баланың екеуі Астанаға жіберіліп, біреуі Абай облысындағы ауруханада қалғаны хабарланған болатын. 

- Абай облысындағы ауруханада жатқан қыздың жағдайы сол қалпы. Өзгеріс жоқ. Комада. Қандай да бір өзгерістер болса қосымша хабарлаймыз, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Ұлысқа. 

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

19 тамызда таңертең Үржар ауданының Бестерек ауылында жантүршігерлік жол апаты болды. Полиция дерегінше, Toyota маркалы автокөлікті тізгіндеген 55 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, жолдың небәрі он метрдей жерінде тұрған балаларды қағып кеткен. Соның салдарынан екі бала оқиға орнында көз жұмды, тағы біреуі ауруханаға барар жолда қайтыс болды. 

20 тамызда екі бала Астанаға жеткізілген болатын. Ал 21 тамызда зардап шеккен екі бала палатаға ауыстырылды.