Әйеліне күш қолданғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш сот үкімін қайта қарауды талап еткен еді. Алайда шағым қанағаттандырылған жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Сәкен Мамашқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы оның адвокаты Данияр Әділов мәлімдеді.
СОТ ҮКІМІ
Еске салайық, 18 шілдеде экс-дипломат Сәкен Мамашқа қатысты сот үкімі шықты. Әйелін бірнеше жыл азаптады деген күдікке ілінген Мамаш сот үкімімен алты жылға сотталды.