Қазақстандықтар Threads әлеуметтік желісінде азық-түлік қымбатшылығы туралы жаппай жаза бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚЫМБАТШЫЛЫҚ
Қазақстандықтар қымбатшылық туралы жазбаларды көбірек жазып, үкіметке халықтың үнін жеткізу керегін айтқан.
Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас. 16% ҚҚС-ке, азық-түлік,дәрінің бағасының қымбаттауына қарсымын. Соңғы уақытта интернет әлсіз, қымбатшылық туралы жазатын адамдардың посттары рэкке шықпайтыны байқап жатырсыздар ма? Әлде тек қана мен бе? Үкіметке сөзіміз жету үшін, қолдап кетейік, Ағайын!
Желіде кейін 2-3 күнде азық-түлік пен ҚҚС-ке қатысты жазбалар күрт көбейген.
Соңғы 2 күнде тредстен азық-түліктің бағасы қымбаттағаны туралы 50 жазбаны анық оқыдым. 1 апталық азық-түлік ерлі зайыпты + 1 бала үшін 60.000тг шыққан екен, еще ол арзан деп есептелетін. Сонда адамдар айына қанша табу керек?
Тағы бір қазақстандықтар депутаттардың мәжілісте маңызды мәселе көтерудің орнына әлеуметтік желіде “тізесі шығып кеткен” әңгіме жазып отыратынына наразы болған.
Ардақ Назаров мырза, келесі отырыста осы сәтті пайдалана отырып, азық түлік бағасының өсіп жатқанын, ҚҚС өсіп жатқанын халықтың қалтасы көтере алмай жатқанын айтып өтесіз ба өтініш.
Дәулет мырза, фонетика, екпін. Бұндай, копи паст постиар сізге жараспайды. Талайы жазып, тізесі шығып кетті. Сізден азық-түлік,дәрілердің бағасы шарықтауы, айлықтың өспеуі туралы салмақты бастамалар күтеміз. Бір кездері дәріхана арасындағы баға саясаты туралы әдемі бастама бастап едіңіз, соны жалғастырсаңыз. Бұндай ұсақ әңгімелерді басқалары жазып жатыр, дейді Threads қолданушысы депутат Дәулет Мұқаевтың орыстардың “Олжас деген есімді неге Алжас деп атайды?” деген жазбасына жауап ретінде.
Енді бірі проблеманың шешімін табуға тырысып, жолын айтқан.
Соңғы жаңалықтар бойынша ойым және шешімдер: бүкіл қоғам тұтынатын азық-түлік тізімін жасау. Сол тізім бойынша мониторинг жасап, аймақтағы, ауыл, қаладағы өнім, 100% бізде өндірілсе жақсы, іздеу. Сол өндіруші өнімді қатты сұраныс болсада бағасын ұстаса қолдау керек. Халық және үкіметте. Халыққа осындай деңгейде қызмет өндірушілер жасаса трендке айналдыру керек.
Пайдасы:
Өнім KZ жасалған, ақша шетке кетпейді;
Салық төленіп қазынаға кетеді;
Келесімді бағамен сапалы өнім тұтынушыларды қуантады.
ЗЕРТТЕУ
Айта кетейік, бұған дейін Ұлыс тілшілері неге Алматы мен Астанадағы кейбір азық-түліктер өзге өңірлерге қарағанда қымбат екенін зерттеген болатын.
ИМПОРТ
Сонымен қатар, Тоқаев Қазақстандағы азық-түлік нарығында импорттың басымдығына назар аударып, бұл жағдайды «ұят» деп атады.
ЕКІ БАҒА
Одан бөлек, енді қазақстандық дүкендерде бір тауардың екі түрлі бағасы көрсетілетін жүйе заңдастырылуы мүмкін. Яғни, қолма-қол төлегенде бір баға, ал бөліп төлеу арқылы алғанда басқа баға көрсетіледі.