Израиль әскері Газа секторына шабуылды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Газа денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, шабуылдар салдарынан кемінде 60 палестиналық көз жұмды. Шабуыл он елдің — Аустралия, Бельгия, Ұлыбритания және Канада қоса алғанда — дүйсенбі күні жыл сайынғы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарсаңында Палестина Мемлекетінің тәуелсіздігін ресми түрде мойындау ниетін жариялауымен тұспа-тұс келді.
КОНТЕКСТ
Израильдің Газаға бағытталған күшейтілген әскери операциясы осы аптада басталды. Ол көпқабатты ғимараттарды қиратуға бағытталған. Израиль әскері қала маңындағы шығыс бөлігін бақылап отыр және Шейх-Радван мен Тель-әл-Хава аудандарын атқылап жатыр. Әскер дәл осы жерлерден Газаның орталық және батыс бөлігіне жылжуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда қала тұрғындарының басым бөлігі сол аймақтарда жасырынған.