Польша СІМ басшысы Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен шығарылуын талап етті

Динара Жарқынбек
Ulysmedia

Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтері алдында Польша Сыртқы істер министрі Радослав Сикорский журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ол Ресейдің саясаты, санкциялар және БҰҰ-дағы рөліне қатысты пікір білдірді.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Министрдің айтуынша, БҰҰ Жарғысын бұзып, Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретінде өз міндеттерін орындамаған агрессор ел бұл органнан шығарылуы тиіс.

-Біз ресейлік басқыншылықты Ресей империясын қалпына келтіру әрекеті ретінде қарастырамыз. Сондықтан империализмді бастан өткерген мемлекеттер, соның ішінде Қытай да, осыны дәл солай көріп, айыптайды деп сенеміз, – деді ол.

Радослав Сикорский сондай-ақ Ресей тарапынан төнетін қауіп Польша үшін шынайы екендігін атап өтті.

-Біз Ресейдің қасында 500 жылдан бері өмір сүріп келеміз. Тәжірибе көрсеткендей, егер Ресей қауіп төндірсе, оны байсалды қабылдау қажет. Өкінішке қарай, ол бізге үнемі қауіп төндіреді, – деді министр.

КОНТЕКСТ

Еске сала кетейік, биыл 9-шы қыркүйектен 10 қыркүйекке қараған түні Польша әуе кеңістігіне 23 ресейлік дрон кіріп, НАТО мүшесі елдің қауіпсіздігіне қатер төндірді. Осы оқиғадан кейін Еуропарламентте Польшаның әуе шекарасының қасақана бұзылуына байланысты шұғыл дебаттар өтті.