Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы ресми түрде ашылып, өз жұмысын бастады. Биылғы жиын «Бейбітшілік, даму және адам құқықтары үшін 80 жыл және одан әрі» ұранымен өтіп жатыр.
ТОЛЫҒЫРАҚ
БҰҰ мінберінде сөйлеген Монаконың билеушісі, Князь Альбер II, елінің Палестинаны халықаралық құқық аясында тәуелсіз мемлекет ретінде тануға дайын екенін мәлімдеді.
-Біз Израильдің қауіпсіз өмір сүру құқығын да, палестиналық халықтың егеменді, демократиялық және өміршең мемлекет құру құқығын да қолдаймыз. Қазір бейбітшілікті алыс перспектива емес, нақты шешімге айналдыру уақыты келді, — деді Князь Альбер II.
Ол бейбітшілікке тек екі мемлекеттің қатар өмір сүруі арқылы қол жеткізуге болатынын атап өтті.
Жиын барысында Люксембург Палестинаны мемлекет ретінде ресми түрде мойындады. Сондай-ақ, Бельгия да Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде таныды.
КОНТЕКСТ
Монако 1964 жылы Израильмен ресми қарым-қатынас орнатты. Ел Израиль мен Палестинаны да танығанымен, Палестинаны мемлекет ретінде ресми түрде мойындамаған болатын. Монаконың сыртқы саясаты негізінен Израильдің қауіпсіздігін қолдауға бағытталды. Сонымен қатар, Монако дипломатиялық келіссөздер мен халықаралық ұйымдарда бейтарап ұстаным сақтап, Палестина мәселесінде ашық араласудан аулақ болды.