Трамп өзінің басқарған жылын алтын дәуірге балап, БҰҰ жұмысын сынға алды

Динара Жарқынбек
Ulysmedia

АҚШ-тың президенті Дональд Трамп БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында сөз алып, қазіргі халықаралық ахуалды өз көзқарасымен бағалады. 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол өзінің алғашқы президенттік мерзімінде орнаған бейбітшіліктің «қазір күйреп, орнына ірі дағдарыстар келгенін» айтты.

Трамптың айтуынша, Америка Джо Байденнің төрт жылдық басқаруында «радикализмнің салдарынан әлсіреген». Дегенмен ол бүгінде АҚШ-тың әлемде «ешқандай бәсекелесі жоқ» екенін атап өтіп, алтын дәуірге балады. 

Трамп деректер келтіре отырып, Байденнің төрт жылдық билігі кезінде елге салынған инвестициялар 1 триллион доллардан аспағанын, ал өзінің президенттікке қайта оралғанына сегіз ай ғана болғанда 17 триллион доллар бөлініп, төленгенін айтты.

«Америкада ең қуатты экономика, ең мықты шекаралар, ең күшті әскер, ең сенімді достық пен ең жоғары рух бар. Бұл – Американың алтын дәуірі», — деді Трамп.

Сондай-ақ ол елдің оңтүстік шекарасындағы «алып шабуылды» АҚШ тойтарғанын атап өтті.

Трамптың айтуынша, бақылаусыз көші-қон кез келген мемлекетті әлсіретіп, күйретуі мүмкін.

«Сіздердің де таңдауларыңыз жоқ. Бұл мәселе бойынша әрекет етуге тиіссіздер», — деп ескертті ол.

БҰҰ ЖҰМЫСЫН СЫНҒА АЛДЫ 

«Мен жылдарға созылған жеті соғысты тоқтаттым», — деді Трамп. 

Ол БҰҰ мінберінде ұйымның жұмысын сынға алып, соғысты тоқтатуға еш көмектеспегенін айтты

«БҰҰ тарапынан бірде-бір рет хабарласып, көмек ұсынған жоқ. Ал мен бұл ұйымнан көргенім – істемейтін эскалатор мен жұмыс істемейтін телепромтерғана», — деп мәлімдеді АҚШ президенті.

АҚШ басшысы БҰҰ ғимаратына кіру кезінде эскалаторды тоқтап қалған. Сондай-ақ, ол сөйлеген кезде мәтін оқитын телепромптер істемей қалды. Трамп:

“Бұл телепромптерді кім басқарып жатыр — үлкен мәселеде боласың” — деп әзілдеді.