Тоқаев БҰҰ мінберінде Қазақстандағы парламент реформасы жайлы айтты

Динара Жарқынбек
Ulysmedia

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясында Қазақстандағы парламенттік реформаларды жариялады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясында Қазақстандағы парламенттік реформаларды жариялады. Ел басшысы қазіргі жаһандық тұрақсыздық жағдайында Қазақстан ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырып жатқанын атап өтті.

Тоқаев біржақты жеті жылдық президенттік мерзімді енгізгенін еске салды. Бұл референдум арқылы бекітіліп, демократиялық есеп берушілікті күшейткен. Ол жаңа саяси жүйенің негізін «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» формуласы құрайтынын айтты.

-Қазақстанды жаңғырту ұстанымын басшылыққа ала отырып, елімізде бір палаталы Парламент құру мәселесін жалпыұлттық референдумға шығаруды ұсындым-деді.

Мемлекет басшысының сөзінше, елдің әрі қарай модернизациясы үшін ол бір палаталы парламент құру мәселесін референдумға шығару ұсынысын жасаған. Реформаның мақсаты — биліктің ашықтығы мен тиімділігін арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау және заң үстемдігін нығайту.

Біз парасаттылыққа және заң үстемдігіне арқа сүйейтін басқару жүйесі ғана қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың құқығын қорғауға мүмкіндік береді деп санаймыз. Бұл халықаралық инвестицияларға, сауда байланысына және елдің қарқынды дамуына оңтайлы жағдай жасайды. Заңды мүлтіксіз сақтайтын азаматтардың мүддесін қорғау – әділеттілікке, есеп беруге және өзара құрметке негізделген басты басымдықтарымыздың бірі-деді. 

Тоқаев бұл қадам Қазақстанның тұрақтылығы, инвестиция тарту және тұрақты дамуын қамтамасыз ететінін атап өтті.