Климатқа қарама-қарсы көзқарас: Трамп пен Тоқаев

Динара Жарқынбек
Ulysmedia

Президент Тоқаев БҰҰ мінберінен сөйлеп, әлемдік экологиялық проблемаларды атап өтті. Ол әсіресе су тапшылығы, климаттық өзгерістер және мұздықтардың еруі мәселесіне алаңдаушылық білдірді. Ал Тоқаевқа дейін сөз алған АҚШ Президентінің мәлімдемесі қарама-қайшы.

ПРИЗИДЕНТ ТОҚАЕВ ЭКОЛОГИЯҒА АЛАУДАУЛЫ 

Тоқаев өткен жылы адамзат тарихындағы ең ыстық жыл болғанын атап өтті. Ол сондай-ақ Орталық Азияның жаһандық орташа көрсеткіштен екі есе жылынғанын және Алатау мұздықтарының жедел еруі миллиондаған адамдардың су мен азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіріп отырғанын алға тартты.

«Былтыр Қазақстан Франция, Сауд Арабиясы және Дүниежүзілік банкпен бірлесіп One Water саммитін өткізді. Болашақта су тапшылығын болдырмау мақсатында анағұрлым тығыз үйлестіру, инвестиция және орнықты шешім қажет», — деді мемлекет басшысы.

Қазақстан Арал қасіретінен сабақ алғанын атап өткен Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына назар аударып, аймақтағы серіктестер мен халықаралық қоғамдастықты су қорларын сақтау үшін бірлескен шараларды қабылдауға шақырды. Сонымен қатар..

«Бас Ассамблеяға 22 сәуірді Халықаралық жер шарын көгалдандыру күні деп жариялайтын қарар қабылдауды ұсынамын», — деп ұсыныс жасады.

Қазақстан «Таза Қазақстан» акциясы мен 2026 жылды Халықаралық еріктілер жылы деп жариялау арқылы қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық ынтымақтастықты күшейтуді көздеп отыр. Ел алдағы жылы сәуірде Астанада өңірлік экологиялық саммит өткізуді жоспарлап, жаһандық деңгейде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосуға ниетті екенін айтты. 

ТРАМП КЛИМАТТЫҚ ӨЗЕГЕРІСТІҢ ЖОҚТЫҒЫН АЙТТЫ 

Ал, АҚШ Президенті Дональд Трамп БҰҰ Бас Ассамблеясында климат өзгерісі мен жаһандық жылынудың «болмайтынын» мәлімдеді. Ол жасыл энергетиканы «алдамшылық», ал көміртегі ізін «жаман адамдардың ойдан шығарғаны» деп атады.

Трамп 1982 және 1989 жылдары БҰҰ жасаған климат болжамдарының орындалмағанын айтып, өзгерісті болжаған «ақылсыз адамдардың» жұмысын сынға алды.

-1982 жылы БҰҰ 2000 жылға дейін климат өзгерісі ядролық соғыс сияқты қайтымсыз апатқа әкеледі деп мәлімдеді. 1989 жылы олар кейбір елдер он жылдың ішінде жер бетінен жойылады деп айтты. Бірақ бұл болмады», — деді Дональд Трамп.

Сонымен қатар, ол басқа мемлекеттерді «жасыл алдаушылықтан» бас тартуға шақырды.

Бұған дейінгі президенттік кезеңінде Трамп Обама енгізген климатқа қарсы шараларды алып тастап, 2025 жылы АҚШ Париж келісімінен шығатынын жариялаған еді.