Екібастұзда бейіттегі қоршауларды ұрлаған адам ұсталды

Ulysmedia

Ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

Pavlodarnews.kz-ның мәліметінше, полиция қызметкерлері бейіттің қоршауларын ұрлаған адамды ұстап алды.

«Бұған дейін ер адам мұсылмандар бейітіндегі қоршауларды алып кетпек болған жерінен ұсталған. Бүгінгі күні ер адам осыған ұқсас үш фактіні жасады деп күдіктелуде. Келтірілген залал көлемі миллион теңгеден асады», - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.