Астанада жылыту маусымы ресми түрде басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қала әкімдігінің мәліметінше, ауа райының суытуына байланысты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары басталды.
– Алдағы күндері қаладағы барлық нысан кезең-кезеңімен қосылады, – делінген хабарламада.
Бұған дейінгі өтінімдер бойынша балабақшалар, мектептер мен медициналық мекемелер жылумен қамтамасыз етілген.
Алдағы күндері Астанадағы барлық нысанға жылу кезең-кезеңімен қосу жоспарланып отыр.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда алдағы күндері күн суытып, қар жаууы мүмкін екенін хабарлаған едік.