Қазақстанда 29 қыркүйекте ауа райы қандай болады

Сырым Қаржас
Pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің ірі қалаларында ертең, 29 қыркүйектегі ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Астана: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +0…+2 °C, күндіз +5…+7 °C.

Алматы: ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр және найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Температура түнде +13…+15 °C, күндіз +25…+27 °C.

Шымкент: ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр мен найзағай болады. Солтүстік-батыс желі 8–13 м/с, кей жерлерде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15 °C, күндіз +26…+28 °C.