Қарағандыда жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті

Ulysmedia

«Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 ақпанда сағат 13.55-те жүк пойызының 12 вагоны жолдан шығып кеткен, деп хабарлайды ulysmedia.kz. 

Фото: instagram.com/kris_p_almaty

«Құрамның ішінде бидай болды. Вагонның бүйір жақтауы сынып кеткен. Апат орнында Сары-Шаған, Шу және Балқаш станцияларының қалпына келтіру пойыздары жұмыс істеп жатыр. Қазір Жамбыл бөлімшесі учаскесінде поездардың бір жолды қозғалысы қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр», - деді компания баспасөз қызметінің өкілі.