Мбаппе Қазақстанға келеді: Real Madrid "Қайратқа" қарсы ойнайтын құрамын жариялады

Сырым Қаржас
Getty Images

Мадридтік "Реал" УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде "Қайратқа" қарсы Алматыда өтетін матчқа қатысатын ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“ҚАЙРАТҚА” ҚАРСЫ ОЙНАЙТЫНДАР

Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Хави Наварро.

Қорғаушылар: Давид Алаба, Марко Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хейсен, Давид Хименес.

Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуардо Камавинга, Феде Вальверде, Орельен Тчуамени, Арда Гюлер, Дани Себальос.

Шабуылшылар: Винисиус Жуниор, Эндрик, Килиан Мбаппе, Родриго, Гонсало, Браим Идас, Франко Мастантуоно.

“Қайрат” – “Реал Мадрид” матчы 30 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өтеді.

Еске салайық, бұған дейін УЕФА Чемпиондар лигасы аясында өтетін алматылық "Қайрат" пен мадридтік "Реалдың" ойынына қазақстандық және шетелдік БАҚ-тың аккредитацияға берген өтінімдерінің басым бөлігі қанағаттандырылмағанын хабарлаған едік.