Threads-тегі даулы торт: кондитер блогерден өтемақы талап етті

Сырым Қаржас
Видео кадры

Астанада блогер Аселина Батыр мен кондитер Нұршат Ақбергенова арасындағы дау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Талапкердің өкілі блогер Әселина клондитер Ақбергеновадан тапсырыс берген торттың құнын толық төлемеген. Кондитердің айтуынша, 600 мың теңге деп көрсетілген соманың тек 100 мыңын ғана блогер төлеген. Осыған байланысты сотқа қалған 500 мың теңгені өндіру туралы талап арыз берілген.

ӨТЕМАҚЫ

Бұған қоса, Ақбергенова моральдық шығынды өтеуді де сұрап отыр. Ол блогердің айтқандары өзінің беделіне кері әсер еткенін алға тартып, соттан Батырды 3 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеуді өтінуде.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Жуырда қазақстандық қана емес, шетелдік ақпарат құралдарының да назарын өзіне аудартқан ерекше оқиға болды. Астаналық кондитер Нұршат Ақбергенова танымал блогердің мерекелік кешіне 600 мың теңгенің тортын дайындап берген. Алайда оның айтуынша, блогер Аселина Батыр ақысын төлеуден бас тартқан. Тараптар арасындағы дау ақыры сотқа дейін жетті.

СҰҚБАТ

Бір айдан астам уақыт төрелігі айтылмаған даудың жай-жапсарын «Қаракөз» подкастына келген Нұршат Ақбергенованың өзі айтып берді. Ulysmedia.kz бас редакторы, подкаст жүргізушісі Самал Берікқызымен болған ашық сұқбатта кондитер өз кәсібінің қызығы мен шыжығын, бір қарағанда оңай көрінгенімен, түптеп келгенде өз қиындықтары бар кондитер саласының бүге-шігесін жасырмай айтып берді. 

Сұқбаттың толық нұсқасын Ulysmedia-ның YouTube-арнасынан қарай аласыздар.