ІІМ матч билетін еселеп сатқан жұлдыздардың балаларын тексереді

Сымбат Сатыбалдина
Ulysmedia.kz коллажы

Әнші Сәкен Майғазиев пен Нұрлан Еспановтың ұлдары "Қайрат" матчына билеттерді қымбатқа сатпақ болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің сөзінше, бұл дерекке қатысты тексеріс жүргізіледі. 

- Бұл ақпараттың түсуіне байланысты тексеріс жүргізуге дайынбыз. Ол үшін шағымдану қажет. Міндетті түрде тексеріс жүргізіп, процессуалдық шешім қабылдайтын боламыз, дейді Әділов. 

МӘН-ЖАЙ

Айта кетейік, белгілі әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов «Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынына арналған билеттерді бірнеше есе қымбат бағада сатқан деген айыптауға ілікті. Ол Instagram парақшасында кемінде жиырма шақты билет сататынын айтқан болатын. 

Орталық стадиондағы шығыс сектордың 1–18-қатарындағы 20 билет сатылымға қойылған. Бағасы 494 мың теңгеден бастап, 768 мың теңгеге дейін жеткен. Бұған қоса, «Қайрат» қызметкерлеріне берілген тегін шақыру билеттері де 500 мың теңгеге саудаланған.

Дәл осындай жағдай Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет Майғазиевке қатысты да тіркелді. Ол 9, 14, 1 және 8-қатардағы билеттерді 350 мың теңгеден ұсынған. Қазір екі тарап та өз стористерін өшіріп тастаған.

Артынша Еспанов бұл пранк болғанын айтып, ақталуға тырысты.