Qazsport телеарнасы "Қайрат" - "Реал" матчыный тікелей көрсетілімінде неге ақау болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Телеарна мәліметінше, корпорация матчқа дейін толықтай техникалық дайындық шараларын жүргізген.
- Серверлердің қуаттылығы әдеттегіден үш есе көбейтіліп, бейне ағынын жеткізу қызметі оңтайландырылды. Алайда, матч басталған сәттен туындаған мәселені жедел шешуге тырысқанымызбен, интернет желісіндегі сыртқы қиындықтарға байланысты ақауларды толықтай ретке келтіру мүмкін болмады, дейді телеарна өкілдері.
Қазіргі таңда мәселеге қатысты кешенді техникалық талдау жүргізіліп жатыр.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, 30 қыркүйекте алматылық “Қайрат” пен “Реал” кездесті. Ойын 0-5 есебімен Реалдың пайдасына шешілді. Тікелей эфир Qazsport телеарнасынан көрсетілді. Алайда матчтың алғашқы минуттарында эфир “қатып”, қазақстандықтар біраз әбігерге түсті.