Дұға сатамын деп жарнамалап көпшілік сынына қалған блогер тағы да ел назарына ілікті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“ОСЫНЫҢ АРТЫНДА РАҚЫМ БАР...”
Блогердің айтуынша оның уатсап қолданбасы бұғатталып қалған.
“Тамақтанып отырған едім. Қарасам уатсабым блокқа кетіп қалады ғой. Дәл осылай қатып қалдым. “Аға” дедім. “Уатсабым блокқа кетіп қалды” дедім. Ағамның түрі кетіп қалған ғой. Мені уайымдап тұр ғой. Қанша еңбегім жатыр ананың ішінде. Қанша адамнан заказ қабылдап тастадым ғой енді. Мен қабылдаған заказдарды архивке салып қоямын. Ағама айттым “рақым ғой аллахтан” дедім. “Менің раббым, менің патшам осылай қалап тұр. Мен көтере алмасам бермейді. Осының артында рақым бар” дедім. “Кішкене шаршайтын шығармын” дедім. Бәріңіздің уатсап нөмірлеріңізді төлем жасағандардың телефоныма сақтап алдым” – дейді ол.
БҰҒАН ДЕЙІН
"QosLike" жобасының бұрынғы қатысушысы Аякөз Аскарова желідегі парақшасында дұға сататынын айтып, жұрттың жағасын ұстатқан еді.
"Ешкім сіздерде дұғаны сатып алуға қинамайды. Дұғаны адам айта салмайды, оның да өз тәсілі бар. Мен дұғаны жай беріп қоймаймын. Оны қалай айтады, қай уақытта айтады соның барлығын толықтай түсіндіремін. Ризығыңыздың көбейгенін, мәселеден Алланың суырып шығарып алғанын қаласаңыз мен айтқан дұғаны сіз де айтсаңыз болады. Маған "Құрандағы тегін нәрсені сататын кімсің" дейді, онда Құранды ашыңыз да оқып алыңыз. Сіз оқуға ерінесіз де, оқыған адамға 1000 теңгеңізді беруге қимайсыз. Артық әңгіме айтпаңыздар", - деп түсіндірген еді блогер.
Көпшілік блогердің бұл әрекетін қатаң сынға алған.