«Қайрат» Винисиустың құнын арзандатып жіберді ме: тарихи ойыннан кейінгі өзгеріс

Ілияс Бақыт
Әлеуметтік желіден

"Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы тарихи ойыннан соң футболшылардың құнын бекітетін Transfermarkt сайты Испанияның Ла Лигасында ойнайтын футболшылардың трансферлік құнын жаңартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ВИНИСИУСТЫҢ БАҒАСЫ ЕНДІ БАСҚА

Алматыдағы “Орталық стадионда” “Қайратпен” ойында негізгі құрамда шыққанымен гол соға алмаған “Реал Мадрид" клубының және Бразилия құрамасының басты жұлдыздарының бірі Винисиус Жуниордың бағасы 20 миллион еуроға төмендеді. Енді ол 150 миллион еуро деп бағаланып отыр.

РОДРИГО 10 МИЛЛИОН ЕУРОҒА "АРЗАНДАДЫ"

Ал сол ойында қосалқы құрамнан алаңға шыққан бразилиялық тағы бір шабуылшы Родригоның да құны арзандады. Бұған дейін оның бағасы 90 миллион еуро болса, қазір 80 миллион еуро болып тұр.

"ҚАЙРАТ" – “РЕАЛ МАДРИД”: ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНДАҒЫ ТАРИХИ МАТЧ

Еске салсақ, "Қайрат" алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өз алаңында ойнады. Бұл – мадридтік "Реалдың" да Қазақстандағы алғашқы ресми матчы болды.

ШЕРХАН ҚАЛМҰРЗА – ҮЗДІК ҮШ ҚАҚПАШЫНЫҢ ҚАТАРЫНДА

"Қайраттың" жас қақпашысы Шерхан Қалмұрза осы маусымдағы Чемпиондар лигасында соққыларды қайтара білу көрсеткіші бойынша үздік үш қақпашының қатарына кірді.