Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP 250 санатындағы Almaty Open турниріне қатыса алмайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, спортшы Ханчжоу қаласындағы финалда алған жарақатының салдарынан алдағы турнирлерге қатыспайтын болды.
– Медициналық штаб Александрға жүктемені азайтып, жарақаттың сипатын нақты анықтау және оңалтуды бастау үшін шұғыл тексеруден өтуді ұсынды, – делінген хабарламада.
Жарақат Бубликке Бейжің мен Шанхайдағы жарыстарда өз деңгейінде өнер көрсетуге мүмкіндік бермеген, сондықтан ол алғашқы айналымдарда жеңіліп қалған.
Айта кетейік, теннисші Алматыда өтетін турнирге қатты қатысқысы келген, себебі ол үшін өз еліндегі жарыс өте маңызды. Алайда мамандардың шешімі жарақатты асқындырып алмау үшін қабылданған.