ХАМАС қозғалысы барлық израильдік тұтқынды босатуға дайын екенін мәлімдеді

Сырым Қаржас
AP Photo

Палестиналық ХАМАС ұйымы Израильдің барлық тұтқынын қайтаруға дайын екенін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қозғалыс жетекшілері бұл туралы әлеуметтік желілерде хабарлап, Дональд Трамп ұсынған бейбітшілік жоспарының шарттарын қабылдайтындарын атап өтті.

– Әскери қимылдарды тоқтату және Газадан әскерді толық шығару мақсатында қозғалыс президент Трамптың ұсынысында көрсетілген айырбас формуласына сәйкес барлық израильдік тұтқынды — тірілер мен қаза тапқандарды босатуға келісімін береді, –  делінген ХАМАС мәлімдемесінде.

АҚШ президенті Дональд Трамп ХАМАС-тың бұл ұстанымы оған «қозғалыс ұзақ мерзімді бейбітшілікке дайын екеніне сенуге мүмкіндік беретінін» айтты. Ол Израильді Газаны бомбалауды тоқтатуға үндеді.

Еске салайық, бұған дейін Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамптың Израиль мен ХАМАС арасындағы соғысты тоқтатуға бағытталған жоспарын жариялаған еді. Құжат 20 тармақтан тұрады.