Алматыда мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көпқабатты үйден секіріп кетті

Сырым Қаржас
gov.kz

Алматыда мерзімді қызметтегі сарбаз үшінші қабаттан секіріп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

ҚР Ұлттық ұланының мәліметінше, оқиға 4 қазанда №5571 әскери бөлімінде болған. Әскери қызметші ауруханаға жеткізілді.

Ведомствоның хабарлауынша, сарбазға бұған дейін «бейімделу бұзылысы» деген диагноз қойылған.

– Бейнебақылау камераларындағы жазбаларда бөгде адамның араласқаны байқалмайды. Қызметтік тексеріс тағайындалды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – делінген хабарламада.

Ұлттық ұлан өкілдерінің айтуынша, сарбаз бұған дейін жақын туысын жоғалтып, әскери-дәрігерлік комиссияның оның әрі қарай қызмет атқаруға жарамдылығын анықтау жөніндегі шешімін күтіп жүрген.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде әскерде сарбаздарға қол жұмсалған сәт түсірілген видео тараған еді.