Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалында жеңіске жетті

Сырым Қаржас
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Спортшы қысқа бағдарламаны (95.01) да, еркін бағдарламаны (187.21) да бірінші орында аяқтады. Жалпы есепте 282.22 ұпай жинады.

Грузия өкілі Ника Егадзе 266.90 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды. Ал АҚШ спортшысы Джейсон Браун 257.81 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Еске салайық, бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалында мұздағы би мен жасөспірімдер арасында үздіктер анықталған еді.