5 қазанға арналған ауа райы болжамы

Сырым Қаржас
Pixabay.com

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 5 қазанда Қазақстан аумағында негізінен жауын-шашынсыз, ауыспалы бұлтты ауа райы болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде –2…–4 °C, күндіз +7…+9 °C.

Алматы. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +3…+5 °C, күндіз +13…+15 °C.

Шымкент. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей жерлерде жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +5…+7 °C, күндіз +19…+21 °C.