Әлемдік рейтингінде 25-орында тұрған қазақстандық спортшы Заңғар Нұрланұлы Кореяның Чхунчхон қаласында өткен ITF Juniors J200 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жарыста ол бірінші нөмірлі спортшы ретінде тіркелді. Финалда Заңғар кореялық Мин Хук Чоны 6:3, 6:4 есебімен сенімді түрде ұтты. Турнир барысында қазақстандық теннисші қарсыластарына бірде-бір сет берген жоқ.
Бұл жеңіс Заңғар Нұрланұлының ITF Juniors аясындағы жекелей сындағы алтыншы титулы болды. Бұған дейін ол J100 Aizkraukle, J200 Shymkent, J100 Izmir, J30 Tsaghadzor, J30 Trnava турнирлерде топ жарған болатын.
Келесі аптада Заңғар Кореяның Вонджу қаласында өтетін ITF Juniors J300 турнирінде бақ сынайды. Бұл дода 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы бейресми Азия чемпионаты саналады.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP 250 санатындағы Almaty Open турниріне қатыса алмайтынын хабарлаған едік.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, спортшы Ханчжоу қаласындағы финалда алған жарақатының салдарынан алдағы турнирлерде ойнамайды.