«Байлар орысша, кедейлер қазақша сөйлейді» - Шыңғыс Мұқан

Ілияс Бақыт
Ulysmedia коллажы

Белгілі баспагер қоғамдағы қазақ тілінің рөліне қатысты пікір білдірі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

“Мазмұндама” баспасының жетекшісі фейсбук желісіндегі парақшасында әлдебір азаматтың пікірін бөліскен. Ол қазіргі қазақ киноларындағы қазақ тілі мен орыс тілінің көрінісі туралы жазған. 

“Threads-тен мынадай жазбаны көзім шалып қалды. Бақсам, шынында да солай екен. Бірақ бұл — шындық. Forbes-ті алып қараңыз. Бәрі орысша оқығандар. Сондықтан кейде шындыққа тура қарауға тура келеді. Фильм деген шынайы өмірдің көркем суреті”- дейді Шыңғыс Мұқан.

ЕЛ НЕ ДЕЙДІ?

Желі қолданушыларының басым бөлігі Мұқанның пікірін қолдап жазған. 

“Өмірде де байлар орысша сөйлейді. Орысша оқытады. Орысша тәрбиелейді. Тіпті шетелге турис болып барған қазақтар орысша былдырлайды. Ал, қазақ тілі базар мен тойда ғана қолданылады. Қазақша сөйлеуге намыстанатындар өте көп”- дейді Сүндет Сейітов есімді желі қолданушысы.

Ал енді бірі керісінше киноның тілі шұбарланғанын айтып оны түзету керек деп есептейді.