Израиль мен ХАМАС келісімі күшіне енді

Сырым Қаржас
Фото: Getty Images

10 қазанға қараған түні Израиль Министрлер кабинеті ХАМАС қозғалысымен атысты тоқтату туралы келісімді мақұлдады. Дәл осы сәттен бастап бітім режимі күшіне енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алғашқы кезеңде Израиль армиясы (ЦАХАЛ) әскерін Газадағы алдын ала келісілген аумақтарға — «сары сызық» деп аталатын шекараға дейін шегіндіреді. Әскерилердің мәлімдеуінше, олар келісімді іске асыруға дайындықты бастап кеткен: түзетілген орналастыру шептеріне көшу үшін әскери хаттама әзірленіп жатыр. Reuters агенттігінің дерегінше, Израиль бөлімшелерін шегіндіру келісімге қол қойылғаннан кейін 24 сағат ішінде толық аяқталуы тиіс.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату туралы келісімге келген болатын.