Қызылордада экспедиция барысында динозаврдың сүйектері табылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
7-8 қазан күндері Қызылорда облысында Шах-Шах шатқалына барлау экспедициясы ұйымдастырылған.
Шах-Шах кешеніне алғаш рет 1959 жылы орыс палеонтологы А.Рождественскийдің жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Бозтөбе свитасында орналасқан кешеннен Мезозой эрасының Бор кезеңінде өмір сүрген динозаврлардың сүйектерінің қалдықтары табылған.
1968 жылы бас сүйегі ғана табылған динозавр «Аралозавр» деген атаумен ғылыми айналымға енеді. Палеонтологтардың зерттеу жұмыстары барысында гадрозавр отрядына кіретін Аралозавр 93-86 млн жыл бұрын өмір сүргені анықталады. Кейін бұл аймақ еуропалық палеонтолог-ғалымдардың қызығушылығын тудырып, әлемдік ғылыми журналдарға мақалалар жарияланады.
СҮЙЕКТЕР
Музей қызметкерлерінің барлау экспедициясы нәтижесінде Шах-Шах шатқалынан Бор дәуірінде өмір сүрген тіршілік иелерінің сүйектерінің қалдықтары табылды. Алдағы уақытта палеонтологиялық бұйымдар арнайы мамандар тарапынан зерттеледі.