«Байдың баласы» - блогер ұлттық құрама футболшысын сынап тастады

Ілияс Бақыт
Әлеуметтік желіден

Блогер Сәбит Рысбаев қазақ футболындағы тамыр-таныстықты сынап жазба жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Блогер Сәбит Рысбаев ұлттық құраманың сәтсіз нәтижесіне тек бапкерге байланысты емес деп есептейді.

“Ұлттық құраманы отандастарымыз жаттықтырса дейсің. Қазір Ұлттық Құраманың бапкері жоқ қой. Уақытша Талғат Байсуфинов келді. Көрші өзбектер 4 миллион доллар беріп атақты Фабио Каннавароны бапкер қылып шақырғанда, біз отандық бапкермен тұрақтап қаламыз деп ойламаймын. Мәселе басқада.”- дейді блогер.

Рыспаевтың айтуынша Қашкен ортаңқол клубтың қосалқы құрамына ілікпей жүрген футболшы.

“Журналисттер Дінмұхамед Қашқенді неге шақырдыңыз деп бапкерді талап жатты. Расында Дінмұхамед деген байдың баласы бар. Соңғы орындарда келе жатқан Жетісудің өзінде ойнап жүрген жоқ. Қосалқы құрамға да жазбайды кейде. Сондай адамды шақырған ғой бапкер”- дейді ол.

Бұрын ұлттық құрама үшін ойнайтын ойынша тапшы болғаны рас. Бүгінде ұлттық футбол мектебінің түлектері көп. Бұл да Рыспаевтың айтып отырғаны. 

“Осыдан 15 жыл алдын Ұлттық құрамаға ойнайтын отандық футболшы аз болды. Қазір енді тола ғой. Қайсардың өзінде 20 қазақ ойнап жүр. Басқа да клубтарда қазақтар көп. Футбол әлі де бардак. Сол тамыр таныс. Аузы қисық болса да байдың баласы ойнасын деген әңгіме. Федерация ештеңе ойламайды ау. Басшысы анау. Қазақша сөйлей алмайтын Марат Омаров деген” – дейді блогер.

БҰҒАН ДЕЙІН

Жанкүйерлердің біразы ішкі чемпионатта 11-орында тұрған клуб қорғаушысының ұлттық құрамаға шақырылуын түсінбей дал болған. Ал тіпті кейбірі Қашкен құрамадағы орынлы "сатып алған" деген болжамда. Тіпті ол ойларын желіге де жазған. 

 

ДІНМҰХАММЕД ҚАШКЕН

Дінмұхаммед Қашкен  "Атлетико Мадрид" академиясынан "Астанаға" ауысқан. Кейін "Ақтөбе", "Қайсар", "Шахтер" және Литваның "Жальгирис" клубтарында ойнаған.

Бір сұхбатында Қашкен спортты негізгі табыс көзі ретінде қарастырмайтынын айтқан. Ол бизнес серіктесімен бірге Қытай техникасын сатумен айналысқан.

Қашкен танымал блогер Мерей Әбіловаға үйленген. Өткен жылы ерлі-зайыптылардың баласы дүниеге келді.

Оның әкесі – Болат Бақтаев, Республикалық шинкиокушинкай каратэ федерациясының басшысы.