Qazaq Air-дегі дау: ұшқыштар еңбек жағдайына байланысты басшылыққа шағымданды

Сырым Қаржас
Qazaq Air баспасөз қызметі

Qazaq Air әуе компаниясының бір топ ұшқышы басшылыққа өз талаптарын жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ұшқыштардың өтінішінде негізгі талаптар ретінде:

  • түнгі рейстерге төленетін еңбекақыны қайта қарау;
  • әуе кемесі командирлерінің жалақысын арттыру;
  • екінші ұшқыштардың еңбекақысын көбейту;
  • барлық ұшқыш үшін ұшу сағатына төленетін ақы мөлшерін ұлғайту мәселелері көрсетілген.

– Көлік министрлігі әуе компаниясына бұл өтінішті қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарауды тапсырды, – делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, Qazaq Air әуе компаниясы — бірлескен кәсіпорын. Оның 49%-ы Sovico тобына, тағы 49%-ы Самұрық-Қазына қорына, ал 2%-ы Kazasia Holding Limited компаниясына тиесілі.