Иран Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттікпен (МАГАТЭ) ынтымақтастық туралы келісімнің орындалуын тоқтатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
ТОЛЫҒЫРАҚ
Мұны елдің сыртқы істер министрі Аббас Аракчи мемлекеттік телеарна эфирінде мәлімдеді.
– Қазір келісім тоқтатылған, ал агенттікпен өзара іс-қимыл тек Иран парламентінің заңы және Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғары кеңес арқылы жүзеге асырылады, – деді дипломат.
Аракчи сонымен қатар Тегеран енді «еуроүштік» елдермен – Франция, Ұлыбритания және Германиямен ядролық бағдарлама жөніндегі келіссөздерді жалғастыруға негіз көрмейтінін атап өтті.
Бұған дейін, қыркүйекте Иранның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғары кеңесі БҰҰ санкцияларын қалпына келтіру механизмін іске қосқаннан кейін, МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты тоқтатуды ұсынған еді.
Аталған санкциялар Иранға қару жеткізу эмбаргосын, ирандық жүктерді тексеруді, елдің зымыран бағдарламасына шектеулерді және шетелдік активтерді бұғаттауды қамтиды.