Трамп үшінші дүниежізілік соғысты "тоқтатты"

Сырым Қаржас
Suzanne Plunkett / Pool / Reuters

Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласында Газа мәселесіне арналған саммит өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

АҚШ, Мысыр, Катар және Түркия Израиль мен палестиналық «Хамас» қозғалысы арасындағы бітім жөнінде келісімге қол қойды.

ҚАТЫСУШЫЛАР

Іс-шараға АҚШ президенті Дональд Трамп, Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси, Катар әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Тани және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қатысты. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху еврей халқының Симхат-Тора діни мейрамына байланысты саммитке қатысудан бас тартты.

– Бұл бейбітшілік үшін ұлы күн, бұл Таяу Шығыс үшін ұлы күн. Үнемі Таяу Шығыста үшінші дүниежүзілік соғыс басталады деп айтатын, бірақ ондай болмайды. Біз соғыстың еш жерде басталғанын қаламаймыз, ондай болмайды, – деді Трамп рәсім барысында.

Газа секторындағы бітім 10 қазаннан бастап күшіне енді.

КЕЛІСІМ

Еске салайық, 10 қазанға қараған түні Израиль Министрлер кабинеті ХАМАС қозғалысымен атысты тоқтату туралы келісімді мақұлдады. Артынша Израиль әскері Газадан шегіне бастады