Зейнетақы жүйесі түпкілікті өзгере ме - министрлік жауабы

Ілияс Бақыт
Ulysmedia коллажы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде әлеуметтік-еңбек саласын дамыту мәселелері бойынша сараптамалық кеңестің кезекті отырысында ұлттық зейнетақы жүйесін реформалау жайын талқылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Отырыста сарапшылар есептеулер мен халықаралық тәжірибе негізінде әзірлеген ұсыныстарды егжей-тегжейлі қарастырған.

ТАЛҚЫЛАНҒАН НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР

  • Ынтымақты және жинақтаушы компоненттердің арақатынасы
  • Базалық зейнетақыны есептеу принциптері
  • Қолданыстағы зейнетақы жарналары мөлшерлемесінің жеткіліктілігі
  • БЖЗҚ-дан мерзімінен бұрын алынған қаражаттың болашақ төлемдерге әсері
  • Зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жинақтаушы жүйеге тарту шаралары

Бүгінгі отырыста министрлік өкілдері зейнетақы жүйесін трансформациялау бойынша өз көзқарастарын, есептеулер мен болжамдарын ұсынды.Вице-министр Виктория Шегай қазіргі зейнетақымен қамту жағдайы, қолданыстағы модельдің проблемалары, ұсынылған өзгерістердің қаржылық тұрақтылығы және халықаралық тәжірибе туралы ақпарат берді. Ол министрліктің сарапшылар ұсыныстарының басым бөлігімен келісетінін және конструктивті ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.

Министр Светлана Жақупова министрліктің диалогқа ашық екенін және сарапшылар тобына есептік деректер мен материалдарға толық қолжетімділік беруге дайын екенін айтты.

Сараптамалық кеңестің келесі отырысында талқылау жалғасады.

БҰҒАН ДЕЙІН

8 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауында Президент Тоқаев зейнетақы жинақтарының төмен деңгейін сынға алып, үкіметке зейнетақы жүйесіне қатысты тәсілдерді шұғыл қайта қарауды тапсырған.