Мәжіліске Жұлдыз Сүлейменованың орнына Әбутәліп Мүтәлі депутат болып сайланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Әбутәліп Мүтәлі Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалып, өкілеттілігін тоқтатқан Жұлдыз Сүлейменованың орнына келді.
Әбутәліп Мүтәлі – «AMANAT» партиясы фракциясының өкілі. Бүгін ол жалпы отырыста Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болып сайланды.
Жаңа депутат "Болашақ" бағдарламасының түлегі. Ол цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бағытында еңбек етіп жүрген білікті маман.
29 қыркүйекте мемлекет басшысының жарлығымен Жұлдыз Сүлейменова еліміздің оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.
1 қазанда Жұлдыз Сүлейменованың мәжілістегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.