Ұлыбритания екі ресейлік компанияға қарсы санкциялар енгізді

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Жаңа санкциялар Ресейдің «көлеңкелі флоты» деп аталатын 51 кемеге, сондай-ақ энергетика мен қорғаныс салаларын қоса алғанда, түрлі секторлардағы жеке және заңды тұлғаларға қарсы бағытталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

BBC басылымының мәліметінше, «көлеңкелі флот» Ұлыбритания, АҚШ және Еуропалық одақ тарапынан жиі санкция нысанына айналып келеді. Бұл терминмен ресейлік мұнайға салынған шектеулерді айналып өту үшін пайдаланылатын ескі танкерлер желісі аталады.

Бүгін санкциялар тізіміне енгізілген компаниялар арасында «Лукойл» мен «Роснефть» те бар. Сондай-ақ «Роснефтьтің» бірлескен иелігіндегі үнділік Nayara Energy компаниясы да санкция тізіміне енген.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Еурокомиссия Ресейге қарсы санкциялар пакетін бекіткен болатын.