Жеңілдетілген ипотека - қашан басталады, кімдер қатысады

Ілияс Бақыт
Ulysmedia коллажы

«Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, Қазақстанда азаматтардың баспана алу мүмкіндігін кеңейтетін бағдарламалар көбейіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ИБРАГИМОВА НЕ ДЕЙДІ

Ләззат Ибрагимова алдағы бірнеше айда қазақстандықтар өз пәтерлерін сатып ала бастайтынын айтты.


 Үлкен сұранысқа ие «Наурыз Жұмыскер» бағдарламасы кеңейтіледі. Биыл бағдарламаға қатысу үшін шамамен 33 мың жас отбасы өтініш берген, алайда жеңімпаздар саны небәрі 8 мыңға жуық болды. Енді осы бағдарламаға бұрын қатысқан азаматтарға қосымша несие алу мүмкіндігі беріледі. Несие беру 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін басталады. Бұл отандық құрылыс компаниялары салған, таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үйге арналған кредиттер болады, – деді ол.

ЕСКЕ САЛАЙЫҚ

Бұған дейін үкімет «Наурыз» және «Наурыз-Жұмыскер» бағдарламалары арқылы берілетін кредит көлемін 500 млрд теңгеге дейін арттыратынын хабарлаған. Сондай-ақ, елде «Әскери баспана» бағдарламасы қайта іске қосылатыны белгілі болды.