Теннистен Almaty Open ATP 250 турнирінің финалистері белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
19 қазанға белгіленген шешуші матчта ресейлік Даниил Медведев (№14) пен франциялық Корентен Муте (№41) кездеседі.
Жартылай финалда Медведев сенсацияға жол бермей, аустралиялық Джеймс Даквортты (№138) ұтты - 6:7, 6:3, 6:2. Муте жартылай финалда америкалық Алекс Михельсенді (№36) жолдан тайдырды - 7:5, 6:4.
Матч бүгін, 19 қазанда 15:00-де басталады.
Еске салайық, 2024 жылы финалда канадалық Габриэль Диаллоны 6:2, 5:7, 6:3 есебімен жеңген ресейлік теннисші Карен Хачанов жеңімпаз атанды.