Депутат қазақ халқын қорлағандарды ұлтына қарамай жазалау керегін айтты

Сымбат Сатыбалдина
Коллаж: Ұлысмедиа

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қазақ халқын қорлағандарды ұлтына қарамай жазалау керегін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

- Сот 174 бап бойыша барлығына бірдей қарау керек , ұлтқа бөлмей. “Өзімізге” ғана қатаң , басқаларға кешірімділік жасаған дұрыс емес, дейді депутат. 

ҚАЗНЕТТЕГІ ЖАҒДАЙ

Айта кетейік, депутаттың бұл сөзі Алика Мұхамадиеваның ісімен байланысты болуы мүмкін. Себебі Алика ісі бойынша сот басталғаннан кейін әлеуметтік желіде оны ақтауға арналған жазбалар көбейіп кеткен. 

Мұны қазақстандықтар да байқаған. 

Қазақстандықтар заң бәріне ортақ екенін атап өтті. 

СОТ

Айта кетейік, 17 қазанда Қарағандыда қоғам назарын аударған Алика Мұхамадиева ісі бойынша сот отырысы өтті. Сотта прокурор Мұхамадиеваны 4,5 жылға соттауды сұрады. 

ЖАНСҰЛУДЫҢ ОҚИҒАСЫ

Дәл осы баппен (ҚК 174-бабының 1-бөлігі («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, сословиелік немесе діни араздықты қоздыру») белсенді Жансұлу Дархамбаева екі жылға сотталып кеткен еді. Үкім шыққан кезде әйел жүктіліктің тоғызыншы айында болған.