Қазақстанда әлеуметтік желілерде заңға қайшы контентті тарату үшін айыппұлдар енгізіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАРАСТЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Жақында өткен Мәжілістің пленарлық отырысында құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Онда қысқа, бірақ маңызды тұжырым бар: заңға қайшы контентті жариялағаны және таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.
ОЛ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАР
Әлеуметтік желі қолданушылары нақты қандай әрекеттері үшін жазалануы мүмкін екенін түсіну үшін «Онлайн платформалар мен онлайн жарнама туралы» заңға жүгіну қажет. 14-баптың 1-тармағында былай делінген: заңға қайшы контент – бұл келесі әрекеттерге шақыру, насихат немесе үгіт:
Сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік мәртебесі мен аумақтық тұтастығына күмән келтіретін пікірлер, мемлекеттік құпияны немесе заңмен қорғалатын басқа да құпияны ашатын ақпарат, және заңмен тыйым салынған өзге де мәліметтер заңға қайшы контентке жатады.
Егер адам өз парақшасында зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке шақыратын немесе жоғарыда аталған заңсыз әрекеттерді насихаттайтын бөтен видеоны жариялап, оның заңға қайшы екенін көрсетсе де – ол заңға қайшы контентті таратушы ретінде есептеледі.
Тіпті адам ондай контентті бір жыл немесе он жыл бұрын жариялаған болса да – бұл қылмыс болып саналады. Жарияланым жойылуы тиіс.
Айта кетейік, Қазақстанда жоғарыда аталған қылмыстар үшін, соның ішінде интернет арқылы жасалған жағдайда, қылмыстық жаза қарастырылған. Қылмыстық жаза бар кезде неге әкімшілік жаза енгізіліп отырғаны жұмбақ. Жарияланым мен бөлісу үшін айыппұл көлемі әзірге белгісіз. Өзгерістер Мәжілісте екінші оқылымда қаралып, кейін Сенатқа жіберіледі.