Алматыдан 786 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Ulysmedia

Бүгін Алматы уақытымен 16 сағат 40 минутта жерасты дүмпуі тіркелді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі мәлімдеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 786 шақырым қашықтықта, Ауғанстан Республикасының аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,6, магнитудасы – 4,8. Жерасты дүмпуі 120 километр тереңдікте болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.