Қазақстан Өзбекстанға 1 млрд доллар аударды

Сырым Қаржас
Фото: Dknews

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Өзбекстанның басқа елдермен тауар айналымы 59,8 миллиард АҚШ долларына жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өсу қарқыны

Ұлттық статистика комитетінің дерегінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 23%, яғни шамамен 11 миллиард долларға артқан. Оның ішінде 26,6 миллиард доллар — экспортқа тиесілі.

Негізгі сауда серіктестері

Өзбекстан қазіргі таңда 206 мемлекетпен сауда қарым-қатынас орнатқан. Ең ірі серіктестері — Қытай мен Ресей.
    •    Қытай жалпы тауар айналымының 19%-ын,
    •    Ресей 15,7%-ын құрайды.

Ақшалай мәнде Қытаймен сауда көлемі 11,4 млрд доллар, рекордтық көрсеткішке жетті - бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 млрд долларға көп. Ал Ресеймен айналым 9,4 млрд доллар болды.

Басқа елдермен сауда көлемі
    •    Қазақстан – 3,4 млрд доллар
    •    Түркия - 2,1 млрд доллар
    •    Оңтүстік Корея - 1,3 млрд доллар
    •    Ауғанстан - 1,15 млрд доллар
    •    Франция - 1,1 млрд доллар

Экспорт бағыттары

Өзбекстан өнімдері мен қызметтерін ең көп сатып алушы ел - Ресей. Бұл бағыттағы экспорт көлемі 3,2 млрд долларды құрады. Сонымен қатар Қытай, Қазақстан және Ауғанстанмен экспорт көлемі 1 млрд доллардан асты.

Негізгі экспорттық тауарлар

Экспорт құрылымында басты орын алатын өнімдер:
    •    Ақшалай емес алтын - 9,8 млрд доллар
    •    Қызметтер - 6,7 млрд доллар
    •    Өнеркәсіптік тауарлар - 2,8 млрд доллар.