Қытай Ресей мұнайынан бас тартып жатыр

Ulysmedia
Dreamstime

Қытайдың CNOOC, Zhenhua Oil, PetroChinа және Sinopec сияқты ірі мемлекеттік компаниялары Ресей мұнайын сатып алудан бас тартып жатыр. Олар АҚШ пен Еуроодақ сакнцияларынан сескеніп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Bloomberg басылымының мәліметінше,  Қытай компаниялары Ресейдің Қиыр Шығыста өндіретін ESPO мұнайын сатып алуды доғарған.

Бұған дейін Вашингтон мен Брюссель «Роснефть» пен «Лукойл» компанияларын «қара тізімге» қосқан. Соған байланысты Қытайдың мемлекеттік кәсіпорындары Ресей мұнайын сатып алмай қойды.

Ресей Қазақстан арқалы жыл сайын шашамен 10 миллион тонна мұнай тасымалдайды. Ол негізінен «Ертіс-Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры арқылы өтеді.

2024 жылы энергетика министрлігі Қазақстан Ресейдің Қытайға мұнай тасымалынан 170 миллион доллар табыс түскенін мәлімдеген.