Өскемендегі даудан кейін прокурор ауысты

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Өскеменде прокурор ауысты. Қалаға жаңа прокурор болып Руслан Рүстемұлы Алишев тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2008 жылы Тараз қаласында бастаған. Онда прокурордың көмекшісі және аға көмекшісі қызметтерін атқарды. 2011 жылы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына ауысып, әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінде жұмыс істеді.

2017 жылдан бастап Жамбыл көлік прокуроры қызметін, ал 2021 жылдан бастап Қордай аудандық прокуратурасын басқарды. 2022 жылдың тамызынан жаңа тағайындауға дейін Руслан Алишев Абай облысы прокурорының орынбасары болды.

КОНТЕКСТ

Руслан Алишев бұл қызметте Тимур Чакпантаевтың орнына келді. Бұған дейін, қыркүйек айында, Өскемен прокуратурасының қызметкерлері Бас прокурор Берік Асыловтың атына ұжымдық хат жолдап, өз басшыларына қатысты шағымдарын білдірген болатын.

Тимур Чакпантаевты бұған дейін бағынышты қызметкерлерін ұрып-соққаны үшін қызметінен уақытша шеттеткені хабарланған.