Қазақстандық дәрігерлер жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен А типті (H3N2) тұмаудың таралу қаупі туралы ескерті. Бұл тұмау түрі халық арасында «гонконг тұмауы» деп те аталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Жетінші арнаға сілтеме жасап.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, күз басталғалы бері елде А типті тұмау вирусының үш жағдайы тіркелген.
Дәрігерлер бұл штаммның ерекшелігі – өте тез өршіп, бір тәуліктің ішінде дене қызуының көтерілуі, құрғақ жөтел, бұлшықеттердің ауыруы және бас ауруы сияқты белгілер пайда болады дейді.
Аурудың жаппай таралу қаупін азайту үшін Денсаулық сақтау министрлігі халықты тұмауға қарсы егу жұмыстарын бастап кетті. Биыл «Гриппо плюс» вакцинасының екі миллионнан астам дозасы сатып алынған. Бұл вакцина қазіргі таңда таралып жатқан тұмау штамдарын қамтиды.
Тәуекел тобында – балалар, жүкті әйелдер, сондай-ақ қант диабеті, жүрек-қантамыр аурулары мен тыныс алу жолдары аурулары бар ересектер бар.